ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫНЫ ІЗДЕСТІРУДЕМІЗ!!!
Құрметті әріптестер!
“Talap” КЕАҚ WorldSkills халықаралық қозғалысының Ұлттық операторы болып табылады және Қазақстанда осы қозғалысты дамыту бойынша айрықша құқықтарға ие.
Қазіргі уақытта біз халықаралық сарапшы позициясына лайықты кандидаттарды іздестірудеміз. Бұл сарапшылар WorldSkills қозғалысын бірге дамытып, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының көрінісін, миссиясын, стратегиялық бағыттары мен құндылықтарын қолдайды. Олар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жақсартуға және кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған.
Не істеу керек болады:
✅ Елде құзыреттілікті дамыту;
✅ ҚР ұлттық құрамасына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру;
✅ Өз құзыреттілігі аясында ұлттық құраманы дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
✅ Шетелдік сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау;
✅ Оқу, байқау және бағалау құжаттамаларын әзірлеу, жаңарту және келісу;
✅ Жаттығу жоспарлары мен әдістемелік пакеттерді дайындау, жаттығуларды қоса алғанда, іс-шараларға техникалық тапсырмаларды әзірлеу;
✅ Шығын материалдары мен жалдау қызметтерін сатып алу бойынша құжаттама, сондай-ақ олардың сатып алуларына баға ұсыныстары мен коммерциялық ұсыныстар беру;
✅ Республикалық және Халықаралық чемпионаттарға қатысу;
✅ Өңірлік сарапшы-компатриоттарды оқыту.
Біз болашақ халықаралық сарапшымыздан мыналарды күтеміз:
✅ Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломмен расталған жоғары кәсіби құзыреттілікке ие болу;
✅ Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болу (өндіріс, ЖОО, ТжКБ);
✅ Ағылшын тілін білу (Pre-Intermediate деңгейінен төмен емес);
✅ Компьютерді қолдану дағдыларына ие болу (пайдаланушы деңгейінен төмен емес);
✅ Жоғары біліктілікке ие болу, таңдалған құзыреттілік бағыты бойынша кәсіби дағдыларды көрсету;
✅ WorldSkills International (WSI) халықаралық қозғалысының нормативтік құжаттарын білу.
Қалаулы:
✅ Чемпионаттық қозғалыста қатысушыларды бағалау үшін қолданылатын CIS бағдарламалық қамтамасыз етуімен жұмыс істеу дағдылары;
✅ Байқау құжаттамасын әзірлеу дағдыларының болуы.
Сіздің кандидатураңызды қарастыру үшін келесі құжаттар мен материалдарды ұсынуыңызды сұраймыз:
– Білім туралы диплом (тәжірибеден өту сертификаттары, біліктілікті арттыру сертификаттары);
– Резюме;
– Портфолио (жеке жобалар мен жетістіктерді сипаттау (болған жағдайда), мүмкіндігінше өзіңіз әзірлеген байқау тапсырмасы, инфрақұрылымдық парақ, бағалау критерийлері);
– 1-2 минуттық бейнеролик (қажетті құзыреттілік бойынша дағдыларды меңгеру көрсетілген ролик);
– IELTS сертификаты (болған жағдайда).
Сіздердің өтінімдеріңізді поштаға күтеміз. d.akhmetova@talap.edu.kz до 25.01.2025 г.
Қызықтырған сұрақтар бойынша телефонға хабарласуға болады: 8 7172 64 86 39, Ішкі номер: (35, 77, 44)
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР (SKILLS):
- Бизнестегі IT шешімдер IT Software Solutions for Business
- Веб-технологиялар Web Development
- Электрондық прототиптеу Electronics Prototyping
- Графикалық дизайн Graphic Design Technology
- Инженерлік графика CAD Mechanical Engineering CAD
- Кірпіш қалау Bricklaying
- Кондитерлік іс Pâtisserie and Confectionery
- Кескіндеме және сәндік жұмыстар Painting and Decorating
- Мехатроника Mechatronics
- Плиткамен қаптау Wall and Floor Tiling
- Қонақ үй ресепшионисті Hotel Reception
- Шаштараз өнері Hairdressing
- Наубайхана ісі Bakery
- Аспаз ісі Cooking
- Өнеркәсіптік автоматтандыру Industrial Control
- Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету Automobile Technology
- Мейрамхана қызметі Restaurant Service
- Сантехника және жылыту Plumbing and Heating
- Дәнекерлеу технологиялары Welding
- Желілік және жүйелік әкімшілендіру IT Network Systems Administration
- Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары Plastering and Drywall Systems
- Сән технологиялары Fashion Technology
- Флористика Floristry
- СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар CNC Milling
- Электрмонтаждық жұмыстар жұмыстары Electrical Installations
0 Comments