20 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына және ғылыми-әдістемелік жұмысы сондай-ақ, оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша басшылардың орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды.
Колледждердегі директорлардың орынбасарларының рөлі өте зор, олардың құзыреттілігі мен кәсібилігі оқу процесінің тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. “Білім берудегі Менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі” курсы колледждің оқу және оқу-әдістемелік қызметіндегі корпоративтік басқару мәселелерін, білім беру үдерісіндегі ұйымдастырушылық, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің рөлін, сондай-ақ басқарудың тиімді құралдарын зерделеуді қамтиды.
Айта кетейік, “Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі” базасында біліктілікті арттыру курсы колледж басшылары мен әдіскерлері үшін жалғасын табуда.
0 Comments