Беларусь елінде «Свята льну» Халықаралық жеңіл өнеркәсіп фестивалі өтті. Байқауға Абай облысы Бизнес және сервис колледжінің 4-курс студенттері, болашақ дизайнерлер А. Темірбаева мен А. Акчабарова қатысып, өздерінің авторлық коллекцияларын ұсынды.
Аяжан Акчабарованың «Ұлы Дала» топтамасы халықаралық дизайн байқауында ерекше жетістікке ие болып, І орын алды. Осы ерекше жетістігі үшін Аяжан Новосибирскіде өтетін және Вячеслав Зайцев қоры ұйымдастыратын «Сібір кутюрьесі» сән көрсетіліміне шақырылды.
Амина Темірбаеваның топтамасы да жоғары бағаланған. Талантты қыздарымызға қаржылай сертификаттар табысталды.
0 Comments