Талдаудың мақсаты – ТжКБ ұйымдарында АКТ бағытындағы кадрларды даярлаудың ағымдағы жағдайын бағалау, өзекті мәселелерді анықтау және мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Аналитикалық анықтамада білім алушылар саны туралы жалпы мәліметтер, инфрақұрылымдық бастамалар (құзыреттілік орталықтары, өңірлік IT-орталықтар және Fab Lab), өңірлік және салалық атластар негізіндегі перспективті мамандықтар, сондай-ақ кадрларды даярлаудың өңірлік мамандану үлгісі ұсынылған.
Талдау нәтижелері инновациялар мен халықаралық серіктестіктің белсенді енгізілімін көрсетеді, бірақ даярлаудағы құрылымдық теңсіздікті, дағдылардың технологиялық ескіру қаупін, педагог-практиктердің кадрлық тапшылығын, материалдық-техникалық базаның мәселелерін және басқа да жүйелік қиындықтарды айқындайды.
Ұсыныстар мемлекеттік тапсырысты икемді бөлуге, микробіліктіліктерді енгізуге, педагогтардың еңбекақысын реформалауға, жобалық аттестаттауды енгізуге, өңірлік IT-кластерлер құруға және бизнестің серіктестігін кеңейтуге бағытталған. Ұсынылған шараларды іске асыру түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Индустрия 4.0 үшін білікті кадрлармен экономиканы қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Аналитикалық есептің толық нұсқасы сұраныс бойынша ұсынылады.
Анализ подготовки ИКТ каз

