"Talap"
Creation of effective TVET systems

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында цифрлық экономика мен жоғары технологиялық салалар үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.

FabLab, IT-орталықтары және DOSTI инновациялық орталықтары жобалары аясында еліміздің колледждерінде білім алушылардың сұранысқа ие кәсіби бағыттар бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін заманауи оқу кеңістіктері мен арнайы зертханалар құрылуда.

Өңірлік білім басқармаларынан «Talap» КЕАҚ-ға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда аталған жобаларды іске асыруға Қазақстанның көптеген өңірлерінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысуда. Колледждерде электроника, робототехника, ақпараттық технологиялар, бағдарламалау және басқа да перспективалы бағыттар бойынша мамандандырылған кабинеттер мен зертханалар ашылуда.

Табысты тәжірибелердің бірі – Теміртау техникалық колледжі. Мұнда DOSTI инновациялық орталығымен бірлесіп «Электроника» мамандандырылған кабинеті ашылды. Зертхана WorldSkills стандарттарына сәйкес жабдықталған және студенттерді практикалық даярлауға, демонстрациялық емтихандар өткізуге, өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаттарын ұйымдастыруға, сондай-ақ педагогтер мен кәсіпорын мамандарының біліктілігін арттыру курстарын өткізуге пайдаланылады.

Кабинеттің қызметі туралы фотоматериалдар колледждің Instagram және Facebook парақшаларында жарияланған.

Сонымен қатар Теміртау жоғары политехникалық колледжінің IT-орталығы белсенді жұмыс істеуде. Мұнда білім алушылар өз жобаларын әзірлеп, бағдарламалау, робототехника және цифрлық технологиялар бағытында тәжірибе жинақтап, инженерлік байқаулар мен хакатондарға қатысады.

Батыс Қазақстан облысының Жоғары аграрлық-техникалық колледжі 2023 жылдан бері DOSTI компаниялар тобымен нәтижелі ынтымақтастық орнатып келеді. Осы кезеңде «Электроника» құзыреттілігі бойынша мамандандырылған кабинет ашылып, «Робототехника» бағытының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылды. Сонымен қатар, 2026 жылы колледж студенттері DOSTI Skills Kokshetau 2026 чемпионатына «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану» құзыреттілігі бойынша қатысып, кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті.

FabLab, IT-орталықтары және DOSTI инновациялық орталықтарының желісін дамыту білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізуге, білім алушылардың практикалық даярлығын арттыруға, инженерлік және цифрлық құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

FabLab, IT-орталықтары және «DOSTI» инновациялық орталығы жобаларын іске асыруға қатысатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тізбесі

ӨңірТжКБ ұйымының атауыFabLabIT-орталықтарыDOSTI инновациялық орталығы
Ақмола облысыЖоғары колледж
Ақтөбе облысыАқтөбе жоғары политехникалық колледжі
Атырау облысыУ. Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі
Атырау облысыС. Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжі
Атырау облысыAPEC PetroTechnic жоғары колледжі
Жамбыл облысыЖамбыл жоғары политехникалық колледжі
Жетісу облысыТалдықорған жоғары политехникалық колледжі
Батыс Қазақстан облысыЖоғары аграрлық-техникалық колледжі
Қарағанды облысыТеміртау техникалық колледжі
Қарағанды облысыТеміртау жоғары политехникалық колледжі
Қызылорда облысыORDA жоғары колледжі
Маңғыстау облысыХ. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі
Түркістан облысыАнвар Исмайылов атындағы кәсіптік колледжі
Түркістан облысы«Анвар Исмайылов атындағы кәсіптік колледжі» ЖШС
Алматы қаласыALMATY POLYTECHNIC COLLEGE
Астана қаласыASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *