Бүгін Астана әуежайында ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Патриоттық әндер шырқалып, шарлар мен көңілді қонақтар чемпиондарды қарсы алуға жиналды. Қазақстан ұлттық құрамасы Францияның Лион қаласында өткен «WorldSkills Lyon 2024» әлем чемпионатынан елге оралды.
Елордалық әуежайда чемпиондарды ҚР Оқу-ағарту министрінің бірінші Вице-министрі Наталья Жумадильдаева мен ТжКББ департаментінің директорының орынбасары Ақзира Бақтыбайқызы, колледж директорлары, “Talap” КеАҚ президентінің міндетін атқарушы Елеусинова Бұлбұл Ораққызы, кеңесші Бимендина Асима Тимкенқызы және «Talap» КеАҚ қызметкерлері мен қатысушылардың туыстары мен жақындары қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құраманың құрамында 32 қатысушы мен 30 халықаралық сарапшы болды. Қазақстандықтар 7 медальон жеңіп алды. “WorldSkills Lyon 2024” әлем чемпионаты 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтті.
0 Comments