«Talap» КЕАҚ — Қазақстан Республикасындағы WorldSkills халықаралық қозғалысының Ұлттық операторы — Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасын WorldSkills Competition Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына дайындау мақсатында халықаралық сарапшы лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды.
Іріктеу жүргізілетін құзыреттер:
- Электроника
- Шаштараз өнері
- Мобильді робототехника
- Сылақ және сәндік әрлеу жұмыстары
- Өнеркәсіптік дизайн
- Өнеркәсіптік автоматика
- Визуалды мерчендайзинг
- Графикалық дизайн
- Инженерлік графика CAD
- Веб-технологиялар
- Сантехника және жылыту
- Мехатроника
- Дәнекерлеу технологиялары
- Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары
- Плиткамен қаптау
- Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану
- Мобильді қосымшаларды әзірлеу
- Кірпіш қалау
- Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету
- Желілік және жүйелік әкімшілендіру
- Электрмонтаж жұмыстары
- Аспаз ісі
- Мейрамхана қызметі
- Кондитерлік іс
- Наубайхана ісі
- Сән технологиясы
- Бизнеске арналған IT шешімдер
- Қонақ үй ресепшионисті
- СББ бар станоктарда токарлық жұмыстар
- СББ бар станоктарда фрезерлік жұмыстар
Халықаралық сарапшының негізгі міндеттері:
- тиісті құзыреттілікті ұлттық деңгейде дамыту;
- ҚР Ұлттық құрамасына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және өткізу;
- Ұлттық құраманың оқу-жаттығу процесін және дайындық базасын ұйымдастыру;
- шетелдік сарапшылармен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау;
- оқу, конкурс және бағалау құжаттамасын әзірлеу, өзектендіру және келісу;
- жаттығу жоспарларын, әдістемелік материалдар мен техникалық тапсырмаларды әзірлеу;
- WorldSkills республикалық және халықаралық чемпионаттарына қатысу;
- өңірлік сарапшыларға әдістемелік қолдау көрсету және оқыту.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- жоғары кәсіби біліктілік деңгейі;
- мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі;
- ағылшын тілін B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру;
- тәлімгерлік және конкурс құжаттамасын әзірлеу дағдылары;
- WorldSkills International (WSI) нормативтік құжаттарын білу;
- CIS бағдарламалық қамтамасыз етуін меңгеру;
- расталған кәсіби жетістіктердің болуы;
- дербес компьютерді сенімді пайдалану;
- жауапкершілік, нәтижеге бағдарлану және кәсіби этика нормаларын сақтау.
Іріктеуге қатысу тәртібі:
Іріктеуге қатысу үшін 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құжаттар топтамасын ұсыну қажет.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттардың өтінімдері қаралмайды.
Конкурстық комиссия объективті бағалау мақсатында қосымша ақпарат пен растайтын материалдарды сұратуға құқылы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі және байланыс:
📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтарға дейін
📧 Электрондық пошта: a.abdigulov@talap.edu.kz
📞 Байланыс телефоны: 8 (7172) 57-51-15 (ішкі нөмірлер: 77, 28, 99, 34, 35, 37, 30)





0 Comments