«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (барлық меншік нысандарындағы) Информатика/АКТ пәні оқытушыларына арналған «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативтік курсын оқыту әдістемесі мен практикасы бойынша оқу семинарын өткізеді.
Семинар қашықтықтан LMS «Talap» платформасында өткізіледі: https://lms.talap.edu.kz
Семинардың мақсаты
- «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативін жүргізуге педагогтарды дайындау.
Семинардың міндеттері
- факультативтің бағдарламасы мен тақырыптық жоспарын таныстыру;
- ЖИ-ді пайдалану кезіндегі құқықтық, этикалық және қауіпсіздік аспектілерін түсіндіру;
- ЖИ-сабақтың құрылымын және негізгі әдістемелік қағидаттарды көрсету;
- факультатив шеңберінде қолданылатын негізгі ЖИ құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.
1. Тіркелу және оқу мерзімдері
Семинарға тіркелу және жазылу: 2025 жылғы 3 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Оқыту келесі ағындар бойынша жүргізіледі:
| Ағын | Оқу мерзімі |
| 1-ағын | 08–14 желтоқсан 2025 ж. |
| 2-ағын | 15–21 желтоқсан 2025 ж. |
| 3-ағын | 22–28 желтоқсан 2025 ж. |
Тіркеу аяқталғаннан кейін қатысушылар облыстық Білім басқармаларының тізімдерімен сәйкес тексеріліп, тиісті ағындарға бөлінеді.
2. Педагогтардың тіркелу тәртібі
- Педагог LMS жүйесіне өз бетінше тіркеледі:
https://lms.talap.edu.kz - Тіркелгеннен кейін — курс каталогынан қажетті тілдегі семинарды тауып, өз бетінше жазылады.
- Семинарға жазылу коды және облыстардың ағындар бойынша бөліну кестесі педагогқа өзінің колледжі арқылы беріледі (ақпарат облыстардың Білім басқармалары арқылы колледждерге жолданады).
Маңызды:
Тіркелу кезінде педагог колледж орналасқан облысты дұрыс көрсету қажет — бұл қатысушының қай ағынға түсетініне тікелей әсер етеді.
3. Қатысушылар тізімдерін ұсыну тәртібі
- Колледж әкімшілігі семинарға жіберілетін педагогтарды айқындайды.
- Колледж бекітілген тізімді облыстың Білім басқармасына жолдайды.
- Білім басқармасы өңірлік жиынтық тізімді жасап, оны 2025 жылғы 3 желтоқсанға дейін «Talap» КЕАҚ-ға жібереді.
4. Семинар форматы
- қашықтықтан, асинхронды формат (әр педагог өз ағыны шеңберінде ыңғайлы уақытта оқиды);
- білім беру материалына қолжетімділік ағынның бірінші күнінде ашылады;
- көлемі — 16 сағат;
- нәтижесі — электрондық сертификат.
5.Байланыс
Тіркелуге қатысты сұрақтар бойынша: seminar@talap.edu.kz немесе өз колледжіңіздің жауапты қызметкеріне хабарласыңыз.


0 Comments