📢 Құрметті әріптестер!
«Talap» КЕАҚ — Қазақстан Республикасында WorldSkills халықаралық қозғалысын дамыту құқығына ие Ұлттық оператор болып табылады.
WorldSkills Kazakhstan Республикалық чемпионатына дайындық аясында келесі құзыреттер бойынша Бас сарапшы және Бас сарапшының орынбасары лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жарияланады:
🔹 Құзыреттер тізімі:
- Мектепке дейінгі тәрбие
- Қонақ үйдегі тіркеу қызметі (ресепшионист)
- Ветеринария
- Зертханалық химиялық талдау
- Локомотивті басқару
- Ақпараттық қауіпсіздік / Киберқауіпсіздік
- Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану
- Цифрлық модельер
- Зоотехния
🟰 Сондай-ақ чемпионаттың ресми тізіміне енбеген басқа да құзыреттер бойынша — WorldSkills Kazakhstan қозғалысын кеңейту мен дамыту мақсатында.
Біз чемпионаттарды ұйымдастыруға белсенді қатысып қана қоймай, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының көзқарасын, миссиясын және стратегиялық мақсаттарын бөлісетін, кәсіби дағдыларды дамытуға, мамандарды сапалы даярлауға және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға үлес қосатын мамандарды іздейміз.
🔹 Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Салаға сәйкес бейінді білім және кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
- Құзырет бойынша жоғары кәсіби дайындық деңгейі;
- Өңірлік және ұлттық деңгейде ұйымдастырушылық, тәлімгерлік және сарапшылық қызметке дайын болу;
- Бастамашылдық, жауапкершілік және топпен жұмыс істей білу.
📩 Өтініш беру үшін келесі құжаттарды жолдау қажет:
- Түйіндеме (CV);
- Білім туралы диплом көшірмелері;
- Кәсіби тәжірибені растайтын құжаттар;
- WorldSkills чемпионаттарына қатысқандығын растайтын сертификаттар (болған жағдайда).
📅 Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 20 тамызға дейін
📧 Электрондық пошта: a.zhumataev@talap.edu.kz
📞 Байланыс тұлғасы: Жұматаев Арнур – +7 771 050 23 87
0 Comments