«Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер/кәсіби модульдер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған 1С платформасында бағдарламалау негіздері» біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы болып табылады.
Бағдарлама мазмұны: Тыңдаушыларда Бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес дағдыларды қалыптастыру үшін мазмұн үш модульден тұрады:
1-модуль. «1С: Кәсіпорын» платформасында бағдарламалау және әзірлеу негіздері.
Бұл модульде тыңдаушылар 1С: Кәсіпорын платформасының мүмкіндіктері туралы базалық түсінік алады, кіріктірілген бағдарламалау тілін меңгереді, конфигурацияның негізгі объектілері мен элементтерімен танысады, сондай-ақ қолданбалар әзірлеу және жөндеу дағдыларын игереді.
2-модуль. «Сұраныстар механизмі және басқарылатын формаларды бағдарламалау».
Модуль деректерді алу үшін сұраныстарды құру және қолдану тәсілдерін, сондай-ақ басқарылатын формаларды бағдарламалауды үйренуге арналған.
3-модуль. «1С: Кәсіпорын» платформасында мобильді қосымшаларды әзірлеу.
Үшінші модуль функционалды мобильді қосымшаларды әзірлеуге бағытталған
Бағдарламаның мақсаты: «1С: Кәсіпорын» платформасында бағдарламалау негіздерін меңгеру.
Бағдарламаның міндеттері:
- «1С: Кәсіпорын» платформасында бағдарламалаудың негізгі принциптерін меңгеру, соның ішінде кіріктірілген 1С тілін, конфигурация объектілерін және жөндеу механизмдерін оқу;
- мәліметтерді тиімді алу және өңдеу үшін сұраныстармен, басқарылатын формалармен және виртуалды кестелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- веб-сервистермен интеграциялау және клиент-серверлік өзара әрекеттесу арқылы мобильді қосымшаларды әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды дамыту;
- IT саласының заманауи талаптарын ескере отырып, тыңдаушыларды бағдарламалық шешімдерді өз бетінше әзірлеуге, сынақтан өткізуге және жөндеуге дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
Бағдарламаны аяқтаған соң педагогтер:
- «1С: Кәсіпорын» платформасының негізгі механизмдерін қолдана отырып, қолданбалар әзірлеу мен жөндеуді жүзеге асырады;
- деректер алу үшін сұраныстар мен басқарылатын формаларды құру және қолдану дағдыларын меңгереді;
- «1С: Кәсіпорын» платформасында функционалды мобильді қосымшалар әзірлейді.
0 Comments