Онлайн форматта Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелері жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Онлайн-шараға Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшелері, білім басқармалары ТжКБ бөлімдерінің басшылары, оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағалары, ТжКБ ұйымдары басшыларының Республикалық кеңесінің мүшелері, «Talap» КеАҚ қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер, ТжКБ ұлттық біліктілік тестілеуі бойынша пәндер тізбесі мен ТжКБ жүйесінде педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысын және студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, сонымен бірге ТжКБ ұйымдарында академиялық адалдықты енгізу мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша РОӘК мүшелері қарастырылылған тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті ұсыныстар берілді.
0 Comments