"Talap"
Creation of effective TVET systems

«Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы  қызығушылығын арттыру мақсатында «WorldSkills Aktau -2024» чемпионаты аясында «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасы Саламат Мукашев атындағы №16 мектеп базасында өткізіліп,  қорытындысы шығарылды.

BabySkills чемпионатына қатысушылардың жұмысын сараптаған сарапшылар саны-18 (бас сарапшы-6, сарапшы-10, техникалық сарапшы -2).

Аталған жобаға 6 құзіреттілік бойынша  4  сыныптан 26 іріктеп алынып, мектеп және колледж бас сарапшылары  2 ай бойы даярлаған тапсырмалармен оқушыларды «Білім беру (теориялық)» және «Аспаптық (тәжірибелік)» модулдері  бойынша дайындап бірнеше шебер-сыныптарын өткізді.

«Жоба өте қызықты өтіп жатыр. Өзім дене шынықтыру және спорт құзіреттілігін таңдаған едім. Бір ерекшелігі мұнда ұлттық ойындарға бағыт берілді. Сонымен қатар басқа да технологиялық мамандықтар бойынша.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *