"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатында – EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Тарихта алғаш рет қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне “Talap” КеАҚ.
Чемпионатқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 үздік жас маман қатысты. Қазақстандық колледж студенттері 25 құзырет бойынша бақ сынады. Олардың қатарында веб-технологиялар, мехатроника, CAD инженерлік графикасы, желілік әкімшілендіру, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, мейрамхана сервисі, кондитерлік іс, автомеханика және басқа да бағыттар бар.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама төмендегі құзыреттер бойынша жоғары нәтиже көрсетті:
• Веб-технологиялар – Мұхаметжан Ағыбай (Астана қ., ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі). Сонымен қатар Қазақстанның Best of Nation – «Үздік өкілі» атанды.
• Мехатроника (топтық жұмыс) – Артем Мочинский (ШҚО, Өскемен жоғары политехникалық колледжі) және Данил Турапин (Астана қ., Жоғары политехникалық колледж).
• Графикалық дизайн – Бағыжан Қойшыбаев (Ақтөбе қ., Жоғары политехникалық колледж).
• Желілік және жүйелік әкімшілендіру (топтық жұмыс) – Данил Лапенко (Астана қ., Жоғары политехникалық колледж түлегі) және Глеб Сауленко (Қостанай обл., Автомобиль көлігі колледжінің түлегі).
• CAD инженерлік дизайн – Бақдаулет Қуаныш (Атырау обл., С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледж).

EuroSkills – WorldSkills қозғалысы аясында өткізілетін Еуропадағы ең ірі жас мамандар чемпионаты. Оның басты мақсаты – кадрларды даярлау саласындағы заманауи стандарттар мен жетістіктерді көрсету. Биылғы чемпионат Солтүстік Еуропадағы ең ірі көрме орталықтарының бірі MCH Messecenter Herning алаңында өтті.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *