Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Talap» (бұдан әрі – КЕАҚ), тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде, мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/2 үйі ВП-11., тел. 8 (7172) 64-86-86 (ішкі: 76, 18, 20), ««WorldSkills Kazakhstan 2024» Республикалық чемпионатының алаңын әзірлеу» қызметтерін сатып алуын туралы хабарлайды.
Сатып алынатын қызметтердің атауы – ««WorldSkills Kazakhstan 2024» Республикалық чемпионатының алаңын әзірлеу» көрсетілген қызметтердің техникалық сипаттамасында көрсетілген.
Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома ҚҚС-сыз 50 892 857,0 (елу миллион сегіз жүз тоқсан екі мың сегіз жүз елу жеті) теңгені құрайды, қызмет түрлері бойынша техникалық сипаттамаға сәйкес көрсетілген.
Жеткізушілерден бағалық ұсыныстарды тапсырыс беруші КЕАҚ «Talap» 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/2 үйі ВП-11., 404 кабинет мекенжайы бойынша, 2024 жылдың 28 қазанынан бастап 04 қарашасына дейінгі мерзімде сағат 10:00-ге дейін қағаз конверттерде ұсыну қажет.
Жеткізушілердің бағалық ұсыныстарын ашу жөніндегі комиссияның отырысы 2024 жылдың 04 қарашасында, сағат 11:00-де, мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/2 үйі ВП-11., 404 кабинетте өтеді.
Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізуші (заңды тұлғалар үшін құқық қабілеттілігі, жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекет қабілеттілігі болуы тиіс).
Сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші төмендегі мәліметтерді қамтитын тек бір ғана бағалық ұсыныс беруі қажет:
қол қойылған және мөрмен расталған (мөр болған жағдайда) бағалық ұсыныс, хабарландыруға қосымшаға сәйкес түрде толтырылуы қажет.
Әлеуетті жеткізушінің бағалық ұсынысына барлық тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге байланысты шығындар енгізіледі.
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы электронды анықтаманың көшірмесі (www.e.gov.kz); жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе www.e.gov.kz сайтынан алынған құжаттың көшірмесі.
әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге рұқсат беретін лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, басқа құжаттар (егер хабарландырудың шарттарына сәйкес лицензиялау талап етілсе);
техникалық сипаттама (егер хабарландырудың шарттарына сәйкес техникалық сипаттама талап етілсе).
тапсырыс берушінің техникалық сипаттамасының талаптарына сәйкес басқа да құжаттар (егер техникалық сипаттама талап етілсе).
Қызметтер техникалық сипаттамада белгіленген мерзімде көрсетілуі тиіс.
Бағалық ұсыныста көрсетілген қызмет көрсету шарттары осы хабарландыру мен сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасында көрсетілген шарттарға қайшы келмеуі тиіс.
Қағаз конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші төмендегі мәліметтерді көрсетуі қажет:
әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта мекенжайы;
тапсырыс берушінің атауы және пошта мекенжайы;
әлеуетті жеткізушінің бағалық ұсыныс беретін қызметтердің атауы (««WorldSkills Kazakhstan 2024» Республикалық чемпионатының алаңын әзірлеу» қызметтерін сатып алу), «04 қараша 2024 жыл, сағат 11:00-ге дейін ашпаңыз».
Бағалық ұсыныс әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (мөр болған жағдайда) расталып, конвертке салынып, электронды хабарландыруда көрсетілген мерзімге сәйкес тапсырыс берушіге ұсынылуы тиіс.
Бағалық ұсыныс қызмет көрсетудің барлық шығындарын ескере отырып ұсынылуы керек.
Талаптарға сәйкес емес бағалық ұсыныстары бар конверттер тіркеуге алынбайды.
Бағалық ұсыныстар берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған конверттер қабылданбайды.
Шартты сатып алу қорытындысы бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде жасау талап етіледі.
Сатып алу тапсырыс берушісі КЕАҚ «Talap», мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/2 үйі ВП-11., 404 кабинет, тел. 8 (7172) 64-86-86 (ішкі: 76, 18, 20).
жүктеу документы
0 Comments