2025 жылғы 13–18 мамыр аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен WorldSkills China чемпионатында «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреттілігі бойынша Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенті Виктор Репин 1-орын алды.
Чемпионатқа Қазақстанмен қатар Индонезия, Таиланд, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Оңтүстік Африка Республикасынан қатысушылар бақ сынады.
Виктордың бұл жетістігі оған 2026 жылы Шанхайда өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысуға үміткер ретінде дайындық жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Оны байқауға халықаралық сарапшы Борис Григорьев дайындаған.
0 Comments