
2025 жылғы 4-5 қараша аралығында ТжКБ әдіснамасы және мазмұны басқармасы білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін 66 оқу-әдістемелік бірлестік ұсынған сарапшыларға онлайн оқыту семинарларын өткізді.
Іс-шараның мақсаты білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу тәртібі мен өлшемшарттарын түсіндіру, сондай-ақ «ТжКОБ ББ Тізілімі» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулықтар беру болды.
Семинар барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларын сараптамалық бағалаудың объективтілігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті практикалық ұсыныстар мен әдістемелік түсініктемелер алды. Аталған оқыту іс-шаралары сарапшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және жалпы сараптама рәсімін жетілдіруге ықпал етеді.


0 Comments