"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 23 қазаннан бастап «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен жасалған шарт аясында іске асырылатын білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізу жұмыстарын бастады.

Білім беру бағдарламаларын енгізу процесі «ТжКББ ББ тізілімі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Осы кезеңде барлық дайындық бағыттары бойынша, соның ішінде 2024 жылы тізілімге енгізілген жаңартылған бағдарламаларды қоса алғанда, шамамен 2200 бағдарлама қамтылмақ.

Барлық ұсынылған білім беру бағдарламалары алдымен бастапқы сараптамадан, кейін сараптамалық топтың қарауынан өтеді.

Тізілім білім беру бағдарламаларын жүйелеу, жаңарту және сапасын арттыру мақсатында құрылған. Бұл өз кезегінде бағдарламалардың еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Тізілім жаңалықтарын бақылап отырыңыз және бізбен бірге ТжКББ жүйесін дамытыңыз!

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *