ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайы мен жаңарту қажеттіліктері
Жүргізілген талдау ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасының (МТБ) қазіргі жағдайын және оны жаңартуға деген қажеттілікті бағалауға бағытталды. Зерттеу шеңберінде Қазақстанның 20 өңіріндегі 708 колледждің МТБ қарастырылды.
Талдау нәтижесінде апатты жағдайда тұрған мемлекеттік колледждердің бар екені, сондай-ақ көптеген колледждердің күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталды. Жаңа жабдық мен техникаға жоғары, орташа және төмен деңгейдегі қажеттілікке ие колледждердің тізімі жасалды. Сонымен қатар, оқу орындарының басым бөлігі оқу жабдықтарын жаңартуды, IT-инфрақұрылымды жаңғыртуды және жатақханалардың жағдайын жақсартуды қажет ететіні белгілі болды. Қорытындысында, білім беру ұймдарының инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртудың, IT-ресурстарды басымдықпен жаңартуды және ауылдық жерлердегі колледждерге ерекше көңіл бөле отырып, жатақханалар салу қажеттілігі нақтыланды.

