ТжКБ ұйымдарының халықаралық ынтымақтастыққа дайындығы
ТжКБ ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықтың түрлі формаларын дамытуға дайындығын талдау Қазақстанның 20 өңіріндегі 183 колледжді қамтыды. Талдау нәтижесінде ынтымақтастықтың басым бағыттары анықталды: академиялық ұтқырлық, кәсіби тағылымдамалар, дуалды оқыту, WorldSkills стандарттарын интеграциялау және цифрландыру. Колледждер ТМД елдерімен (оның ішінде 43% – Ресеймен) белсенді әріптестік орнатқан, ал алыс шетел мемлекеттерімен байланысқа қызығушылық артып келеді.
Ынтымақтастықты дамытуға кедергі келтіретін факторлар анықталды: тілдік және қаржылық мәселелер, сондай-ақ серіктестерді іздеуге арналған бірыңғай электрондық базаның жоқтығы. Зерттеу қорытындысы бойынша халықаралық өзара іс-қимылды жеңілдетуге бағытталған ұсынымдар әзірленді: серіктестерді табуға арналған электрондық платформа құру және үлгілік келісімдер дайындау. Бұл шаралар ынтымақтастықты жолға қою үдерісін жеделдетіп, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

