"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Гасимов Ринат Гаптулханович

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | ТжКБ және WorldSkills саласындағы халықаралық сарапшы | Аккредиттеу және кадр даярлау саласындағы ұлттық сарапшы | ICBT сертификатталған бизнес-тренері

📚 Цифрлық дағдыларды дамыту, WorldSkills құралдарын енгізу, басқарушылық және әдістемелік құзыреттіліктерді дамыту бойынша тренингтердің авторы және жүргізушісі. Білім беру бағдарламаларын бизнестің нақты қажеттіліктерімен ұштастыру үшін жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатады.

📋 ТжКБ жүйесінде, аккредиттеу мен кадр даярлау саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы. WorldSkills қозғалысын дамыту, цифрлық білім беру технологияларын енгізу және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруда терең білімге ие.

🏆 Марапаттары: • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медаль

Адамбаева Гульбарам Саветкалиевна

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | Кәсіпкер | Бизнес-тренер | Қоғам қайраткері | «Didakt–kz» ЖШС негізін қалаушы | «Адами капиталды дамыту» ҚБ төрайымы | Оқу құралдары мен білім беру бағдарламаларының авторы

📚 Білім беру саласының сарапшысы, біліктілікті арттыру курстары бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен бағдарламалардың авторы. Курстар: «Жаттықтырушының кәсіби құзыреттерін жетілдіру», «Тиімді оқытушы», «Кәсіптік бағдарлаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» оқулығының авторы және авторласы. «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша қосымша білім беру бағдарламасының авторласы.

🏆 Марапаттары:

  • “100” қайраткер әйел: анықтамалық-энциклопедия, Алматы, 2020
    • ҚР Индустрия және ақпарат министрлігінің үкіметтік емес ұйымдар арасындағы «Қолжетімді Қазақстан» халықаралық жобасын іске асыру үшін мемлекеттік сыйлық лауреаты дипломы
  • «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

Козяйчев Сергей Михайлович

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | WorldSkills халықаралық сарапшысы | ҚР бас сарапшысы | Білім беру бағдарламаларының авторласы | Жеңімпаздар тәлімгері

📋 «Электромонтаж жұмыстары» құзыреттілігі бойынша халықаралық сарапшы – WorldSkills Lyon 2024. «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының сарапшысы. WorldSkills сарапшыларын даярлау бағдарламаларының және демонстрациялық емтихан өткізу бағдарламасының авторласы.

🏆 WorldSkills чемпионаттарындағы жетістіктер:

  • II орын – 2021 жыл
  • I орын – 2023 жыл

Сатқұлов Бақтияр Бағланұлы

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | WorldSkills халықаралық сарапшысы | ҚР бас сарапшысы | Білім беру бағдарламаларының авторласы | Жеңімпаздар тәлімгері

📋 «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша халықаралық сарапшы – WorldSkills Lyon 2024, WorldSkills Special Edition 2025 сарапшысы. WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының сарапшысы (2022, 2023 ж.). Сарапшыларды даярлау және демонстрациялық емтихан бағдарламаларының авторласы, студенттерді жарыстарға дайындау бойынша әдістемелік материалдардың авторы.

🏆 WorldSkills чемпионаттарындағы жетістіктер:

  • II орын – 2022
  • Медальон – 2022
  • II орын – 2023
  • I орын – 2024

Анарбаева Диларам Рузиматовна

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | WorldSkills бас сарапшысы | Кәсіби шеберлік саласының маманы | Жеңімпаздар тәлімгері

📋 «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының сарапшысы. «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша ТжКБ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағдарламасының әзірлеушісі. «Балбөбек» балабақшасында өткен «Baby Skills» чемпионатының, «5 күн – 5 модуль», «5 күн – өңірлік чемпионат» курстарының және WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарының тапсырмаларын әзірлеуші.

🏆 WorldSkills чемпионаттарындағы жетістіктер:

  • II орын – 2023 жыл
  • I орын – 2024 жыл

EURASIA SKILLS республикалық чемпионаты:

  • II орын – 2020 жыл
  • III орын – 2021 жыл

WorldSkills сарапшысы / Қазақстан Республикасының Бас сарапшысы / халықаралық сарапшы / штаттан тыс жаттықтырушы | кәсіби шеберлік саласындағы маман

Өзі туралы:

Мен 2016 жылдан бастап Қазақстандағы WorldSkills чемпионат қозғалысының белсенді қатысушысымын. 2017 жылдан бастап облыстық деңгейде бас сарапшы, ал 2023 жылдан бастап Республикалық деңгейде бас сарапшы рөлінде жұмыс істеймін. Сонымен қатар, мен әр түрлі деңгейдегі чемпионаттарға қатысушыларды дайындай отырып, штаттан тыс жаттықтырушының міндеттерін орындаймын. Менің жұмысым WorldSkills Occupational Standards (WSOS) стандарттарын терең білуге және сенімді қолдануға негізделген.

Мансаптың негізгі кезеңдері:

  • 2016 жыл — WorldSkills облыстық және республикалық чемпионаттарына қатысу.
  • 2017 жыл-облыстың бас сарапшысы болып тағайындалды.

Анарбекова Сауле Сериковна

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | Колледждерде оқу процесін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі сарапшы | Білім беру бағдарламаларының авторы

📚 Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу бағдарламасының әзірлеушісі, өңірдегі колледждердің қызметін зерделеу жөніндегі жұмыс комиссиясының мүшесі.
Еуропалық білім беру қорының «DARYA SCAFFOLD» жобасының жаттықтырушысы, бірқатар республикалық жобалардың қатысушысы («Академиялық еркіндік», «Институционалдық даму жоспары», «Жас маман»).
🏆 Марапаттары:
• «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі – 2023
• «Мамандығым — мақтанышым» облыстық байқауының жеңімпазы (Сертификат – 150 000 тг) – 2022

 Каримова Жулдыз Масалимовна

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | Білім беру бағдарламаларының сарапшысы | Бағдарламалар авторы

📚 «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының авторы және сарапшысы. «Ұлттық тестілеу орталығы» ПВХ тест тапсырмаларының сарапшысы, 2023–2024 жж. білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге қатысушы, 2025 ж. апелляциялық комиссия мүшесі.

НАО «Talap» әзірлеген біліктілікті арттыру бағдарламасының авторы:
«Автомобиль көлігі саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру»

🏆 Марапаттары:
• ТжКБ педагогтерінің инновациялық жұмыстар қалалық байқауында III орын

Есетова Мира Климовна

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | Оқу құралдарының авторы | Білім беру бағдарламаларының авторы

📚 2021 ж. «Маркетинг» мамандығы бойынша оқу құралының авторы (НАО «Кәсіпқор» холдингі). «Экономикалық эрудит», «Жобаларды басқару» оқу құралдарының авторы. «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығына арналған оқу құралдарының авторласы (Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, 2019 ж.).
Кәсіпкерлік бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуші («Атамекен» ҰКП және ALMAU серіктестігімен «Бизнестің әліппесі» жобасы).

🏆 Марапаттары:
• 2021 ж. НАО «Talap» жаттықтырушылары арасында «Басқару жүйесіндегі тиімді шешімдер» номинациясы бойынша үздік авторлық бағдарлама байқауының жеңімпазы
• «Мен – кәсіпкер» әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн-турнирі – I орын
• «BigIdeasCamp» жазғы лагерінде Кәсіпкерлік мектебіне қатысуға жолдама – 2024 ж., Алматы
• «Tumar Student Business Challenge» жобасы аясында – жеңімпаз команда, 2021 ж.

Арысбаева Оразкуль Ильясовна

Внештатный тренер НАО «Talap» | Республиканский эксперт «WorldSkills» | Автор образовательных программ | Наставник чемпионов

📚 Эксперт образовательных программ по профилю «Электроэнергетика», разработчик тестовых заданий чемпионатов «WorldSkills» по компетенции «Сантехника и отопление». Автор разработок — программы повышения квалификации для педагогов по профилю «Теплоэнергетикат», направленная на совершенствование профессиональных компетенций в области тепловой энергетики

🏆 Достижения на чемпионатах WorldSkills:

Наставник победителей и призёров WorldSkills Kazakhstan:

  • I место — 2018 год, Республиканский чемпионат «WorldSkills Kazakhstan»
  • Медальон — 2019 год, Международный чемпионат WorldSkills», г.Казань

 Булат Николай Сергеевич

НАО «Talap» сырттай жаттықтырушысы | WorldSkills халықаралық сарапшысы | ҚР бас сарапшысы | Әдістемелік әзірлемелер авторласы | Жеңімпаздар тәлімгері

📋 «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының бас сарапшысы. WorldSkills сарапшыларын даярлау және демонстрациялық емтихан өткізу бағдарламаларының авторласы.

🏆 WorldSkills чемпионаттарындағы жетістіктер:
• III орын – WorldSkills Kazakhstan, 2022 ж;
• III орын – WorldSkills Kazakhstan, 2023 ж;
• III орын – WorldSkills Kazakhstan, 2024 ж;
• III орын – EuroSkills Gdańsk, 2023 ж;
• Медальон – WorldSkills Lyon, 2024 ж.