"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 29 қазанда КМҚК «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» базасында «Гидротехникалық құрылыс» және «Гидротехникалық мелиорация» мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған «AquaLab» су шаруашылығы орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Орталықтың негізгі мақсаты – су шаруашылығы саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін дамыту, студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және білім, ғылым мен өндіріс интеграциясын қамтамасыз ету.

Басты міндеттері:
* тәжірибеге бағытталған оқытуға жағдай жасау;
* гидротехникалық құрылыс саласындағы білікті кадрлар тапшылығын толықтыру;
* колледж бен жұмыс берушілер, салалық ұйымдар арасындағы әріптестікті дамыту.

Іс-шара аясында «Гидротехникалық құрылыс және мелиорация», «Су ресурстарының сапасы мен аналитикалық бақылауы» зертханалары таныстырылып, оқу-тәжірибелік стендтер көрсетілді және жетекші салалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Су шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Қарағанды облысы әкімдігі, «Talap» КЕАҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Қазсушар» РМК, Қазақ су шаруашылығы және мелиорация ұлттық университеті, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шетелдік серіктестер қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және «Talap» КЕАҚ қолдауымен КМҚК «Теміртау жоғары политехникалық колледжі».

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *