"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 16 қазанда онлайн форматта Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелері жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – РОӘК) отырысы өтті.

Отырысқа Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшелері, оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағалары, «Talap» КЕАҚ қызметкерлері, ТжКБ бөлімдерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасындағы тәлімгерлік институтын жетілдіру, кәсіби қызметте жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша қосымша білім беру бағдарламасын (Minor) енгізу, техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру бейіндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының әзірленген бағдарламалары қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша РОӘК мүшелері қарастырылылған тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті ұсыныстар берілді.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *