"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу


2025 жылы 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу барысына талдау жүргізілді. Жоба 2023-2024 оқу жылынан бастап пилоттық режимде іске қосылып, 51 ТжКБ ұйымын қамтыды.

Зерттеу барысында негізгі мәселе ретінде білім алушылардың мотивациясының төмендігі мен оқу кестесіне байланысты қиындықтар анықталды. Бұған ықпал еткен бір жағдай – білім алушылардың оқудан шығып кетуі.  Соған қарамастан, жобаға қатысушы колледждердің, оның ішінде ауылдық жерлердегі колледждердің саны артуда. Білім алушылар арасында ең сұранысқа ие біліктіліктер: «Аспаз», «Автокөлікті жөндеу слесарі», «Электргазбен дәнекерлеуші» және «Тігінші».

Талдау қорытындысы бойынша жобаны одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді, олардың ішінде: оқу кестелерін оңтайландыру, мектептер мен колледждер арасындағы үйлестіруді күшейту, дипломдардың орнына сертификаттар беру арқылы микробіліктілік моделіне көшу. Сонымен қатар мектепті бітіріп, колледжге түскен кезде меңгерілген модульдерді есепке алу механизімін енгізу. Бұл болашақта мамандық алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.