2024 жылғы 15 тамызда онлайн форматта Zoom платформасында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» педагогтердің республикалық тамыз саммиті аясында «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары» республикалық секция отырысын өткізу жоспарлануда.
Республикалық секция модераторы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Муханбетов Асет Гарифуллаевич.
Республикалық секция жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Талап» КЕАҚ өкілдері, өңірлердің білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің басшылары, ТжКБ әдістемелік кабинеттері, директорлар кеңесінің төрағалары, ТжКБ ұйымдарының басшылары, директордың орынбасарлары, педагогтер, барлығы 1000-нан астам адам on-line форматта қатысады.
Республикалық секция жұмысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы заманауи үрдістер мен инновацияларға баса назар аударылады.
Тікелей эфир келесі сілтеме бойынша өтеді https://www.facebook.com/talapnao/.
0 Comments