"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Конкурстың реттік нөмірі: № 1

Қоғамның атауы: «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Астана қ., Достық көш., 20, 2-қабат Тел.: +7 (7172) 575101

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытумен айналысады.

Конкурстық комиссияның орналасқан жері және байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Мангилик Ел даңғылы, 8, 74-20-44, ka.algazinova@edu.gov.kz

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: Конкурстық өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде он күнтізбелік күн ішінде, яғни 2025 жылғы 14 шілдеге дейін қабылданады.

 

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

Тәуелсіз директор лауазымына үміткер Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне және келесі талаптарға сай болуы керек:

1) Халықаралық сертификаттардың немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімнің болуын қоса алғанда, жоғары білімі (және/немесе «магистр» дәрежесі) болуы. Өзге де тең жағдайларда Қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада немесе қаржы немесе басқару (менеджмент) саласында білімі бар үміткерлерге артықшылық берілуге тиіс.

2)  Қоғамның тиісті бейінінде мамандығы бойынша кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Келесі салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі болуы тиіс: қаржылық есептілікті дайындау; тәуекелдерді басқару; ішкі бақылау. Директорлар Кеңесі мүшесінің позициясында және/немесе басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы тиіс.

 

Үміткерлерге қойылатын шектеулер:

Тәуелсіз директор болып сайлана алмайтын тұлға:

  1. заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  2. бұрын акцияларды мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар Кеңесінің төрағасы, атқарушы органның басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап акцияларды мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
  3. Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол директорлар Кеңесіне сайланғанға дейін алдындағы 3 (үш) жыл ішінде (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) болмаған;
  4. Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын;
  5. Қоғамның немесе Қоғамның үлестес тұлғаларының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты және директорлар Кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;
  6. мемлекеттік қызметші болып табылатын;
  7. Қоғам органдарының отырыстарында Жалғыз акционердің өкілі болып табылады және ол директорлар Кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде болмаған;
  8. Қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысады және/немесе директорлар Кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл ішінде осындай аудитке қатысқан;
  9. үміткердің қоғамда тікелей немесе ықтимал мүдделер даулары болған кезде;
  10. 4 (төрт) артық заңды тұлғаларда директорлар Кеңесінің мүшесі болатын;
  11. бір мезгілде 2 (екі) заңды тұлғада директорлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын;
  12. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде міндеттерді орындауға кедергі келтіретін өзге де шектеулері бар.

Үміткерлер конкурстық комиссияның жұмыс органына келесі құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға келісім-өтініш;

2) басқару тәжірибесі көрсетілген түйіндеме:

3) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) үміткердің жоғары білімі туралы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) үміткердің соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің аумақтық бөлімшелері берген – конкурсқа қатысу үшін өтініш берілген кезге дейінгі соңғы ай ішінде алынған құжаттар;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер;

8) наркологиялық науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер;

9) декларация-комиссия төрағасының атына қатыспау туралы өтініш (үлессіз, бағыныштылықтың болмауы, өкілдік емес функциялар);

10) декларация-комиссия төрағасының атына мүдделер дауларының болмауы туралы өтініш (Қоғамның контрагенттерімен тікелей және жанама байланыстардың болуы/болмауы);

11) декларация-Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау туралы комиссия төрағасының атына өтініш;

12) дербес деректерді өңдеуге келісім;

13) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тәуелсіз директор лауазымына үміткер туралы мәліметтер.

Үміткер өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер, дәрежелер мен ғылыми атақтар беру, атақтар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды үміткер жұмыс органына мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынады. Шетелдік үміткерлер ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылуға тиіс.

Үміткер конкурстық өтінімді келесі тәсілдердің бірімен ұсынады:

1) конкурстық комиссияның хатшысына қағаз түрінде қолма қол тапсыру;

2) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген пошта мекенжайына қағаз түрінде жіберу;

3) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға электрондық түрде жіберу.

Конкурстық комиссияның хатшысы келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында оларды ұсыну тәсілін көрсете отырып тіркеуді жүзеге асырады.

Анықтама үшін байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Мангилик Ел даңғылы, 8, 74-20-44, ka.algazinova@edu.gov.kz

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *