"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

 «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) жүйесінің педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізу үшін штаттан тыс тренерлерді іріктеу жүргізетінін жариялайды.
Анықталған бағыттар бойынша жұмыс тәжірибесі мен сараптамалық білімі бар барлық мүдделі мамандарды ынтымақтастыққа шақырамыз.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. білім беру ұйымында педагог / бизнес-тренер / кәсіпорын (ұйым) маманы / ұйым (кәсіпорын) басшысы немесе басшысының орынбасары / білім беру ұйымының басшысы немесе басшысының орынбасары / жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілі;
  2. білімі туралы құжат(тар) (ТжКБ/ЖОО);
  3. тренерлерді даярлау бағдарламасынан өткені туралы құжат(тар) (бар болса);
  4. ғылыми дәрежесін / академиялық дәрежесін / біліктілік санатын растайтын құжат(тар) (бар болса).

Курс бағыттары:

  • Оқыту әдістемесі мен әдіснамасы, соның ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша
  • Ақпараттық технологиялар (педагогтер мен ІТ жөніндегі орынбасарлар үшін)
  • Тігін өндірісі және киім үлгілеу
  • Тамақтануды ұйымдастыру
  • Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
  • Дәнекерлеу өндірісі
  • Электрмен жабдықтау
  • Автокөлік көлігі
  • Ветеринария
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай және газ
  • Сантехника
  • Шаштараз өнері
  • Ауыл шаруашылығын механикаландыру
  • Теміржол көлігі
  • Машина жасау

Қатысу үшін 2026 жылғы 2 наурызға дейін https://trainer.talap.edu.kz/ сайтында тіркеліп, өтінімді толтырып жіберу қажет.

Егер сізде тиісті біліктілік болса және біліміңізбен бөліскіңіз келсе, біз сізді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Біздің мамандардың қатарына қосылыңыз!

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *