Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
30 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің, демократиялық қағидаттардың және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік кепіліне айналды. Конституция – тәуелсіз еліміздің даму жолындағы басты тірегі. Ол біздің бейбіт өміріміздің, ынтымақ пен келісімнің, өркендеу мен жаңғырудың берік негізін қалады.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Еліміз өркендеп, болашағымыз жарқын болсын!
«Talap» КЕАҚ ұжымы.
0 Comments