Бішкекте кәсіби білім беру саласындағы тәжірибе алмасу бойынша тәжірибелік семинар өтуде.
2024 жылғы 10 желтоқсанда Бішкекте «Кәсіби білім сапасын әлеуметтік серіктестік арқылы қамтамасыз ету» тақырыбында тәжірибелік семинар басталды. Бұл іс-шара «Talap» КЕАҚ мен Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстанның 5 білім беру ұйымы мен Қырғызстанның кәсіби ұйымдарының өкілдері қатысып, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы кәсіби білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылауда.
Семинардың негізгі шаралары:
- Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен ресми кездесулер өткізіліп, кәсіби лицейлер мен колледждердің тәжірибесімен танысу.
- Қазақстан мен Қырғызстанның жетекші сарапшыларының дуальды оқыту, техникалық білім беруді дамыту, балама энергия көздерін қолдану тақырыптарындағы баяндамалары.
- Электргазбен дәнекерлеу, IT-технологиялар, аспаздық өнер және робототехника бойынша кәсіби лицейлерде шеберлік сабақтары.
- Тәуелсіз сертификаттау орталықтары мен алдыңғы қатарлы білім беру мекемелеріне бару арқылы үздік тәжірибелерді зерттеу және серіктестікті нығайту.
Мұндай ынтымақтастық халықаралық байланыстарды нығайтып, білім берудің жаңа әдістерін дамытуға ықпал етеді.
0 Comments