«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Атырау облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалы білім беру пәндер педагогтеріне 26 мамыр – 5 маусым аралығында «Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.
Курс екі модульден тұрады: 1.Модуль Scaffold технологиясының негіздері.
Модуль Scaffold құралын зерттеуді және оның құзыреттілікке негізделген тәсілмен байланысын қарастырады; педагогтердің шығармашылығын ынталандыру және оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру және сапасын арттыруда олардың хабардарлық деңгейін арттыру үшін оқыту әдістері мен бағалау әдістерін талдау; негізгі құзыреттер бойынша қызмет нәтижелерін дамытуға бағытталған оқу процесін жоспарлаудың негізгі принциптерін қарастыру.
Модуль соңында тыңдаушылар практикалық тапсырманы орындайды.
2.Модуль Құзыреттілік матрицасы призмасы арқылы сабақты жоспарлау.
Модуль тыңдаушылардың негізгі құзыреттіліктерін ескере отырып, оқу сабақтарын тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттіліктерді, тұрақты даму дағдыларын, сондай-ақ жеке және әлеуметтік құзыреттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетінше және үздіксіз дамуына ықпал ететін «Оқи білу қабілеті» мета-дағдысын қалыптастыруға баса назар аударылады.
Модуль оқытуды заманауи талаптарға бейімдеуге, сабақтарды тиімді жоспарлауға, құзыреттілік матрицасына назар аударуға, оқушылардың табысты оқуына және болашақ кәсіби іс-әрекетіне қажетті негізгі дағдыларды дамытуға ықпал ететін мақсатты және тиімді оқу процесін құруға көмектесуге бағытталған.
Бағдарламаның барлық модульдері бір логикамен, түйінді идеялармен біріктірілген және ортақ қағидаттар мен тәсілдер негізінде құрылған.
Білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру үшін Бағдарлама әртүрлі технологиялар, формалар, тәсілдер, оқыту және бақылау әдістері негізінде жүзеге асырылады.
Курс тыңдаушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейі әрбір модуль бойынша оқыту нәтижелері бойынша Бағдарламаның мазмұнын меңгеру параметрлерін ескере отырып, нақты бағалау шкаласы (100 баллдық жүйе) бойынша анықталады.
0 Comments