"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 12 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Курс «Talap»» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Оқу үдерісі «Scaffold» платформасының құралдарын қолдана отырып, сабақтарды жобалау» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарлама еліміздің бес өңірінде іске асырылып, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында педагогтердің өзекті қажеттіліктеріне жауап береді.

Бағдарламаның мақсаты – Scaffold платформасын қолдана отырып, құзыреттілікке негізделген сабақтарды құруға қажетті кәсіби дағдыларды дамыту. Негізгі назар педагогтердің келесі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған:

  • оқу процесін жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • білім алушыларды материалды меңгерудің әр кезеңінде қолдау;
  • инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу;
  • цифрлық шешімдер арқылы оқыту сапасын арттыру.

Курс барысында қатысушылар Scaffold платформасының функционалымен танысып, оны өздерінің педагогикалық тәжірибесіне енгізуді үйренеді. Сонымен қатар, білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған сабақтарды жобалау бойынша практикалық тәжірибе жинақтайды.

Оқыту оффлайн форматта, тәжірибелі тренерлердің қатысуымен өтеді. Курсты сәтті аяқтаған педагогтерге белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталады.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *