"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

14-16 мамыр аралығында штаттан тыс жаттықтырушылар “мамандық бейінін ескере отырып, модуль/пән бойынша ТжКБ педагогының білім беру процесін жобалаудың заманауи құралдары” бағдарламасы бойынша оқытылды. Тренингке әр аймақтан 151 жаттықтырушы қатысты.

Бағдарлама мамандық бейініне бейімделген білім беру процесін жобалау және іске асыру саласындағы жаттықтырушылардың құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқытуды “Talap” КЕАҚ педагогтарды дамыту басқармасының бас жаттықтырушылары, сондай-ақ осы бағдарламаны әзірлеуге қатысқан штаттан тыс жаттықтырушылар жүргізді.

Қорытынды сессия аясында қатысушылар Бағдарламаның барлық тақырыптары мен модульдері бойынша өз презентацияларын ұсынды, колледж педагогтері үшін келесі курстардың мазмұнын түсініп, оларды өткізуге дайын екендіктерін көрсетті.

Оқуды сәтті аяқтаған барлық қатысушылар сертификатталды.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *