"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Оқыту форматы: офлайн

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған тігін өндірісі мен киімді модельдеу саласындағы кәсіби шеберлікті дамыту» білім беру бағдарламасы арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мен жетілдіруге бағытталған. Бұл бағдарлама тігін өндірісі және киімді модельдеу саласына мамандар даярлауды жүзеге асыратын педагогтарға арналған

Курстың мақсаттары:

  • Тігін өндірісінің заманауи технологияларын, автоматтандыруды және жаңа материалдарды қолдану жолдарын меңгеру;
  • Киім дизайны мен модельдеу дағдыларын заманауи әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы дамыту;
  • Өнімдерді тігу мен өңдеу технологияларын игеру

Курстың міндеттері:

  • 3D модельдеу және CAD жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Түрлі тігін машиналары мен жабдықтарының түрлерін меңгеру;
  • Мата тігу және өңдеу технологияларын үйрену.

 

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:

  • Киімді модельдеу мен құрастырудың негізгі қағидаларын;
  • Дизайн мен композиция негіздерін;
  • Киімді жобалауға арналған CAD жүйелерін қолдануды;
  • Маталарды тігу және өңдеудің негізгі технологияларын;
  • Тігіс түрлерін және оларды қолдану әдістерін;
  • Өнімдерді әрлеу мен соңғы өңдеу тәсілдерін.

Істей алады:

  • Түрлі тігін машиналарында жұмыс істеу және жабдықтарды баптау;
  • Киім үлгілерін эскизден бастап лекалдарға дейін дайындау;
  • Әртүрлі тігістер мен әрлеу элементтері бар бұйымдарды тігу;
  • Эскиздер мен техникалық суреттер жасау;
  • 3D модельдеуге арналған бағдарламаларды қолдану;
  • Түрлі маталар мен фурнитуралармен жұмыс істеу;
  • Тігістер мен әрлеу сапасын бағалау.

Меңгерген:

  • Заманауи тігін машиналары мен материалдармен жұмыс істеу дағдыларын;
  • Киімді модельдеу мен құрастыру техникасын;
  • Жаңа материалдар және олардың қасиеттері туралы білімді;
  • Сурет салу және графикалық дизайн дағдыларын.

Бұл бағдарлама арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруға және тігін өндірісі мен киімді модельдеу саласындағы мамандарды даярлау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

Бағдарлама мазмұны:

 

1 модуль Тігін өндірісіндегі заманауи трендтер мен технологиялар
2 модуль CAD жүйелерін қолдана отырып, киімдерді модельдеу және жобалау
3 модуль Бұйымдарды тігу және өңдеу технологиялары
  Кәсіпорынның қызметі мен ерекшеліктерін, маманның лауазымдық нұсқаулығын оқу

Курс соңында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған тігін өндірісі мен киімді модельдеу саласындағы кәсіби шеберлікті дамыту» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *