"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Оқыту форматы: офлайн

«Тамақтандыру саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» білім беру бағдарламасы қоғамдық тамақтандыру саласына кадрлар даярлайтын арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты тамақ өнеркәсібі үшін кадрлар даярлауда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануда арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

– тамақтандыруды ұйымдастырудың заманауи технологиялары және әдістерімен таныстыру;

– тамақ өнеркәсібінде қолданылатын соңғы үлгідегі жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

– кәсіпорындар негізінде ыдыс-аяқтарды, сусындарды, аспаздық өнімдерді және басқа да өнімдерді дайындау;

– тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерімен таныстыру;

– дұрыс (салауатты) тамақтануды ұйымдастыруда жаңа құзыреттіліктерді алу; диеталық тамақтану, жасөспірімдер мен балалардың тамақтану ерекшеліктері.

Оқытудың күтілетін нәтижелері – біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін курс тыңдаушысы:

1) біледі:

– санитарияға, жеке бас гигиенасына және жұмыс орнының гигиенасына   қойылатын талаптарды;

– өрт қауіпсіздігі шаралары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін;

– «Аспаз», «Кондитер» кәсіби стандарттарын;

– WorldSkills стандарттарын;

  2) істей алады:

– өнімдердің тағамдық және энергетикалық құндылығын анықтау және есептеу, тамақ рационын құру;

– білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін, тамақтану саласындағы заманауи технологияларды қолдану;

– өндірістік ғимараттардың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.

   3) дағдылы:

– әртүрлі ассортименттегі салқын және ыстық тағамдарды, аспаздық өнімдерді, жеңіл тағамдарды және оларға нормативтік-техникалық құжаттарды дайындау, ұсыну және сатуға дайындау;

– өнімнің сапасын бақылау, тамақ өнімдерін сақтау;

– заманауи кәсіби жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;

Бағдарламаның мазмұны:

 

Модуль 1 Қоғамдық тамақтандыру негіздері
Модуль 2 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандырудың гигиеналық және санитарлық ережелері
Модуль 3 Ас әзірлеу технологиясы

 

Курсты аяқтағаннан кейін «Тамақтандыру саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *