Оқыту форматы: оффлайн.
«Scaffold» құралдарын пайдаланып, оқу сабақтарын жобалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы педагогикалық құзыреттілік деңгейін дамытуға, педагогтерді құзыреттілікке бағытталған сабақтарды жобалау құралы ретінде Scaffold-ты пайдалану әдістері мен тәсілдеріне оқытуға, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған оқу материалдары мен тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты – Scaffold құралын пайдалана отырып, құзыреттілікке негізделген сабақтарды жобалау үшін қажетті педагогикалық құзыреттілікті дамыту және жетілдіру. Бағдарлама педагогтердің оқу үдерісін құрылымдау, білім алушыларды материалды меңгерудің әртүрлі кезеңдерінде қолдау және заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер айқындалды:
- Scaffold құралын білім беру тәжірибесінде меңгеру және қолдану;
- Білім беру қызметіне құзыреттілік тәсілін интеграциялау;
- Инновациялық және бейімделген білім беру тәжірибелері арқылы құзыреттілікке негізделген сабақтарды жобалау.
Күтілетін оқу нәтижелері
Біліктілікті арттыру курсын аяқтаған тыңдаушы:
- Scaffold әдістерін технологияның негізгі қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарының құрылымдық элементтерін әзірлеуде қолданады;
- Білім алушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру мақсатында оқу сабағын жобалайды.
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Scaffold технологиясының негіздері |
Модуль 2 | Құзыреттілік матрицасы призмасы арқылы сабақты жоспарлау |
Курсты аяқтағаннан кейін «Scaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі
0 Comments