"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Оқыту форматы: офлайн

«IT саласы педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтары мен төртінші өнеркәсіптік революцияға көшу жағдайларын ескере отырып, педагогтердің заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы білімдері мен дағдыларын өзектендіруге және жетілдіруге бағытталған.

               Мақсаты: IT саласы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

             Міндеттері:

  • білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды пайдалану дағдыларын жаңарту және жүйелеу;
  • IT нарығының қазіргі заманғы даму үрдістерін түсіну және оларды оқу процесінде практикалық қолдану;
  • мамандардың кәсіби білімдері мен дағдыларын жаңарту;
  • мамандардың IT саласындағы жаңа жетістіктер туралы қажетті ақпаратты толық көлемде алу қажеттілігін қанағаттандыру;
  • заманауи әзірлеу әдістері мен құралдары негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларын жетілдіру

Оқытудың күтілетін нәтижелері – біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін курс тыңдаушысы:

  • қазіргі заманғы IT маманының негізгі сипаттамалары мен құзыреттіліктерін, соның ішінде өзекті нормативтік-құқықтық құжаттар мен нарықтағы жаңа үрдістерді ескере отырып анықтайды;
  • оқытуда заманауи IT технологияларын қолдану бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіреді;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді әртүрлі әдістермен жобалау дағдыларын қолданады

 

Бағдарлама мазмұны:

 

Модуль 1 «Білім беру 4.0: құқықтық реттеу, ақпараттық технологиялар саласындағы трендтер мен құзыреттер»
Модуль 2 «Педагогтердің цифрлық құзыреттері: білікті IT мамандарын даярлауда заманауи технологияларды қолдану»
Модуль 3 «Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау технологиялары»

 

Курсты аяқтағаннан кейін «IT саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі

 

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *