Оқыту форматы: офлайн
«Дәнекерлеу өндірісі саласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін даярлауға арналған.
Мақсаты – білім мен дағдыларды жаңарту, озық технологияларды меңгеру және студенттердің оқуын тиімдірек ету үшін педагогикалық құзыреттіліктерді жетілдіру болып табылады.
Міндеттер:
- Қазақстан Республикасында дәнекерлеу өндірісін сертификаттау және аттестациялау тәртібін реттейтін нормативтік құжаттармен танысу.
- Доғалық және түйіспелі дәнекерлеудің әртүрлі түрлерінің технологиялық мүмкіндіктерін және онымен байланысты процестерді пайдалану дағдыларын жетілдіру: беткейлеу, дәнекерлеу, металлдау.
- Әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтін дәнекерленген қосылыстардың беріктігінің есептеулерін реттейтін нормативтік құжаттармен танысу.
- Бұйымдарды жобалау, дәнекерлеу және дәнекерлеуден кейінгі өңдеу, сондай-ақ дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау кезеңдерінде дәнекерлеу кернеулері мен деформацияларын азайтудың заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану бойынша білім мен дағдыларын өзектендіру.
- Теориялық және тәжірибе сабақтарын өткізу кезінде заманауи құралдар мен оқыту әдістерін қолдану.
- Кәсiпорындар/ұйымдар базасында бейiн бойынша кәсiптiк бiлiм мен практикалық дағдыларды жетiлдiру.
Күтілетін оқу нәтижелері
Біліктілікті арттыру курсын аяқтаған соң тыңдаушы:
- дәнекерлеудің озық әдістерінің техникасы мен технологиясын, заманауи жабдықтармен жұмыс істеу дағдысын меңгереді;
- дәнекерлеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, экологиялық стандарттардың нормативтік талаптарын қолданады;
- дәнекерлеу құрылымдарын жобалайды, дәнекерлеу жіктеріне есептеу жүргізеді және заманауи үлгілеу құралдарын тиімді пайдаланады;
- ақауларды анықтайды және жояды, дәнекерленген қосылыстарды бақылау технологиясын меңгерген;
- теориялық және тәжірибе сабақтарын өткізгенде, жұмыс оқу бағдарламаларын құрастырғанда заманауи құралдар мен оқыту әдістерін қолданады;
- заманауи технологияларды оқу бағдарламаларына біріктіруді қоса алғанда білім беру процесін жақсарту үшін цифрлық құралдар мен жаттығу құрылғыларын пайдаланады;
- кәсіби қызметінде практикалық дағдыларды жаңартады және қолданады.
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Дәнекерлеудің заманауи технологиялары, жабдықтары және дәнекерлеу қауіпсіздігі |
Модуль 2 | Дәнекерленген құрылымын жобалау және есептеу, дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау |
Модуль 3 | Дәнекерлеу технологияларын оқыту үшін педагогикалық әдістемелер және сандық құралдарын пайдалану |
Модуль 4 | Кәсіпорындар/ұйымдар базасында тағылымдамадан өту |
4 Модулдің («Кәсіпорындар/ ұйымдар базасында тағылымдама») қорытындысы бойынша педагог «Talap» КЕАҚ-ға кәсіпорын (ұйым) толтырған кәсіпорын (ұйым) базасында Педагог тағылымдамадан өткені туралы анықтаманы ұсынады. Педагог ұсынған кәсіпорын (ұйым) базасында Педагогтің тағылымдамадан өткені туралы анықтама негізінде «Talap» КЕАҚ тағылымдамадан өткені туралы сертификат береді.
0 Comments