Оқыту форматы: офлайн.
Білім берудегі менеджмент: колледж басшысының орынбасарлары үшін бизнес-тәсілдер және процестерді басқару» бағдарламасының тақырыбы басқарудағы жаңа тәсілдер мен технологияларды игеруге бағытталған, бұл жұмыс тиімділігі мен білім беру процестерінің сапасын арттырады.
Бағдарламаның мақсаты – ТжКББ ұйымдары басшылары орынбасарларының басқарушылық құзыреттілік деңгейін арттыру.
Міндеттері:
– ТжКБ жүйесіндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен, көлеңкелі экономиканың ерекшеліктерімен таныстыру; – тиімділікті бағалау нәтижелері негізінде стратегия мен тактикалық жоспарларды түзету дағдыларын өзектендіру; – ұжымды ынталандыру мен басқарудың тиімді әдістерін үйрету; – нейрондық желілер мен жасанды интеллект көмегімен деректерді талдау дағдыларын дамыту; – колледжде бизнес – стартап-жобаларды іске асыру процесінде білім мен дағдыларды қолдану
|
Оқытудың күтілетін нәтижелері:
- Біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушы:
- біліктілік қолданыстағы құқықтық құжаттарды ескере отырып білім беру процесін басқару стратегиясы мен құралдарының тиімділігін талдай алады;
- кейс практикалық жағдайларды талдау және шешу кезінде көшбасшылық пен команданы басқарудың заманауи әдістерін қолданады;
- колледжде бизнес-стартап жобасын әзірлейді.
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Білім беру процесін басқару: стратегиялар мен құралдар |
Модуль 2 | Көшбасшылық және команданы басқару |
Модуль 3 | ТжКБ жүйесінде стартап-орталықтарды құру және орнықты дамыту тетіктері |
Курсты аяқтағаннан кейін «Білім берудегі менеджмент: колледж басшысының орынбасарлары үшін бизнес-тәсілдер және процестерді басқару» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі.
0 Comments