Оқыту форматы: офлайн.
Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының тақырыптары «Білім берудегі менеджмент: Колледж менеджерінің құзыреттілік моделі – колледжді тиімді басқаруға жол» колледжді тиімді басқару үшін басшылардың басқарушылық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Мақсаты: ТжКБ ұйымын тиімді басқару үшін менеджердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Тәжірибеге бағытталған Бағдарлама өзара тәуелділік пен бірін-бірі толықтыру негізінде әртүрлі басқару міндеттерін біріктіреді.
Бағдарламаның мақсаттары мыналарға бағытталған:
– менеджердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту;
– басқару тиімділігін арттыру:
– ТжКБ ұйымдарында жобаларды басқаруды жүзеге асыру;
– мүдделі тараптарды тарту бойынша тәжірибе алмасу және академиялық тәуелсіздік шеңберінде өзара әрекеттесу тәжірибесімен тиімді алмасу;
– басқарушы құзыреттілігін бағалау құралдарымен танысу;
– тәжірибелік жағдайларды зерделеу арқылы ТжКБ қаржылық тұрақтылығы бойынша білімді жетілдіру;
– практикалық жағдайларды нақты іс-әрекетте қолдану;
– өзінің басқару тәжірибесі туралы рефлексия, күшті және әлсіз жақтарын талдау, сонымен қатар кәсіби қызметін жақсартудың жолдары мен стратегияларын ізде
Бағдарламаның күтілетін нәтижесі Біліктілікті арттыру курстарын бітіргеннен кейін тыңдаушылар: – құзыреттілік үлгісі негізінде колледж басшысының жеке даму жолының жобасын құру;- кәсіби қызметте қолдану үшін практикалық жағдайларды әзірлеу
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Тез өзгеретін әлемдегі колледж басшысының құзыреттілік моделі |
Модуль 2 | Колледж басшысының жұмыс орнында оқыту |
Курсты аяқтағаннан кейін «Білім берудегі менеджмент: колледж басшысының құзыреттілік моделі-колледжді тиімді басқаруға жол» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі
0 Comments