Оқыту форматы: офлайн
«Автомобиль көлігі саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін оқытуға арналған
Мақсаты автомобиль саласы педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.
Міндеттері:
– автомобиль көлігі нарығындағы заманауи үрдістермен және осы бағыттағы қызметті реттейтін құжаттармен танысу;
– агрегаттар мен тораптарды диагностикалаудың, автомобильге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи құралдары мен әдістерін қолдану дағдыларын жетілдіру;
– автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасын бақылаудың заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану бойынша білім мен дағдыларды өзектендіру;
– автокөлік кәсіпорнының өндірістік қызметін ұйымдастыру бойынша жаңа білім мен дағдыларды игеру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін курс тыңдаушысы:
– кәсіби қызмет құжаттарын және автомобиль саласындағы жаңа үрдістерді талдау негізінде заманауи маманның құзыретін қалыптастырады;
– автокөлікті диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіреді;
– өндірістік аймақтарды жобалау арқылы нормалар мен талаптарды ескере отырып, кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру дағдыларын өзектендіреді; көлік құралдарының жүру бағыты мен сызбасын таңдау, құрастыру;
- технологиялық нұсқаулықтар мен карталарды жасау.
Бағдарлама мазмұны:
Модуль 1 | Автомобиль көлігінің даму тенденциялары |
Модуль 2 | Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу |
Модуль 3 | Автокөлік кәсіпорнының өндірістік қызметін ұйымдастыру |
Курсты аяқтағаннан кейін «Автомобиль көлігі саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру» бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы сертификат беріледі
0 Comments