"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Оқыту форматы: офлайн

«Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» бағыты бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» білім беру бағдарламасы арнайы пәндер (кәсіптік модульдер) мен өндірістік оқытуды оқытуда заманауи технологияларды зерделеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және оқытылатын модульдердің (пәндердің) мазмұнын өзектендіруге бағытталған

Мақсаты – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бағыты бойынша ауыл шаруашылығы саласында педагогтер мен өндірістік оқыту мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Міндеттер:

– «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бағыты бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамытудың ағымдағы тенденцияларын зерделеу, сондай-ақ осы саладағы қызметті реттейтін нормативтік құжаттарды талдау;

– ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру мен автоматтандыруды ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру;

– білім беру қызметінде ауыл шаруашылығы өндірісін бақылау және оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту;

– ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи технологияларын меңгеру;

– мал шаруашылығын басқарудың озық жүйелерін қолдану дағдыларын меңгеру;

– кәсiпорындармен ынтымақтастық негiзiнде кәсiби бiлiмдi нығайту және саладағы практикалық дағдыларды дамыту.

Күтілетін оқу нәтижелері

Біліктілікті арттыру курсын аяқтаған соң тыңдаушы:

− тәжірибелік кейстерді шешу кезінде кәсіптік нормативтік құқықтық құжаттарды, ауыл шаруашылығы өндірісінде машиналарды қолданудың заманауи тенденцияларын қолданады және талдайды;

− ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша мамандарды даярлаудың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады;

– оқу процесінде ауылшаруашылық өндірісін бақылау және оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды қолдану бойынша білімін қолданады;

– ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи технологияларын меңгереді;

– мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыруда қазіргі заманғы басқару жүйелері туралы білімін қолданады;

– өзінің кәсіби қызметінде практикалық дағдыларды жаңартады және қолданады

 

Бағдарлама мазмұны:

 

Модуль 1 Нормативтік қамтамасыз ету және оқытудың заманауи әдістері
Модуль 2 Цифрлық технологиялар негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде машина-трактор паркін пайдаланудың заманауи әдістері
Модуль 3 Тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің инновациялық әдістері мен технологиялары
Модуль 4 Мал шаруашылығын тиімді басқаруға арналған заманауи құрал-жабдықтар
Модуль 5 Кәсіпорын негізіндегі тағылымдамадан өту

 

4 Модулдің («Кәсіпорындар/ ұйымдар базасында тағылымдама»)  қорытындысы бойынша педагог «Talap» КЕАҚ-ға кәсіпорын (ұйым) толтырған кәсіпорын (ұйым) базасында Педагог тағылымдамадан өткені туралы анықтаманы ұсынады. Педагог ұсынған кәсіпорын (ұйым) базасында Педагогтің тағылымдамадан өткені туралы анықтама негізінде «Talap» КЕАҚ тағылымдамадан өткені туралы сертификат береді.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *