Бағдарлама мазмұны
1-модуль. 1С: «Қазақстан үшін Бухгалтерия» конфигурациясының негізгі функционалдық мүмкіндіктері мен жұмыс негіздері. Бұл модульде «Қазақстан үшін Бухгалтерия» конфигурациясының негізгі функционалдық мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қағидаттары қарастырылады.
2-модуль. Есеп бөлімдері «1С: Бухгалтерия» бағдарламасындағы есеп бөлімдері модулінде 1С бағдарламасында автоматтандырылған бухгалтерлік есептің негізгі бағыттары оқытылады.
3-модуль. Конфигурациямен тиімді жұмыс Бұл модульде регламенттік операциялармен және есептілікпен жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады.
4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
Бағдарламаның мақсаты – экономикалық мамандықтар бойынша педагогтердің «1С: Кәсіпорын» бағдарламасымен жұмыс істеуге қажетті құзыреттері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
– педагогтерді «1С: Кәсіпорын» бағдарламалық қамтамасыз етуімен, оның ішінде конфигурациясы және негізгі модульдерін пайдалану бойынша өзекті білімдер мен дағдылармен қамтамасыз ету;
– педагогтерді алынған білімдерін тәжірибеде қолдануға, «1С: Кәсіпорын» бағдарламасы арқылы бухгалтерлік есеп пен қаржылық талдауға қатысты нақты міндеттерді шешуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:
- 1С жүйесіндегі негізгі баптаулар мен объектілермен жұмыс істеу дағдыларын қолданады;
- анықтамалықтар мен құжаттарды толтыру кезінде есеп бөлімдерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;
- регламенттік операцияларды орындайды және 1С жүйесінде есептерді қалыптастырады.
0 Comments