"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 25 маусымда Алматы құрылыс-техникалық колледжінде «Profy Marathon 2025» шарасы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов қатысты.

Шара барысында мегаполистегі мемлекеттік колледждердің 20 үздік түлегіне ірі компанияларда жұмыспен қамтылғанын растайтын сертификаттар табысталды. Жұмыс берушілер қатарында энергетика, қоғамдық тамақтану, автокөлік, банк және өзге де салалар өкілдері болды.

Дуалды оқыту жүйесі арқасында студенттер бір уақытта білім алып, өндірісте еңбек етіп, еңбекақы алады. Ал WorldSkills чемпионаттары кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

«Profy Marathon 2025» техникалық және кәсіптік білімнің беделін көтеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандардың жаңа бейнесін қалыптастыруда.

Шара білім, билік пен бизнестің тиімді диалог алаңына айналды. Мақсат — адами капиталды дамыту және Алматының әлеуметтік-экономикалық өсіміне үлес қосу.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *