Павлодарда “MamandyqFest” өтті. Іс-шарада өңірдің 40-тан астам колледжі өздерінің бірегей жобалары мен өз қолымен жасаған 50-ден астам туындыларын ұсынды.
Сонымен қатар, фестиваль аясында жергілікті мектептердің 9-11 сынып түлектері үшін “Мамандықтар қалашығы” көрмесі ұйымдастырылды. Онда шаштараз өнері, кондитерлік өнімдер, сән технологиялары, мейрамхана қызметі, графикалық дизайн, компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу, желілік және жүйелік басқару, мобильді қосымшаларды әзірлеу, кірпіш қалау, металл өңдеу, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, жеңіл автомобильдерді жөндеу, ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету және агрономия сынды мамандықтар ұсынылды.
Айта кетейік, биыл Павлодар облысында колледждерде тегін оқуға мемлекеттік тапсырыс көлемі 6 200 орынға ұлғайтылды. Сырттан келген студенттер ыстық тамақпен, жатақханадағы орынмен және жол ақысы үшін өтемақымен қамтамасыз етілген. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап стипендия тағы 50%- ға ұлғаяды. Сондай-ақ, 250 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар ақылы практика көзделген, бұл ретте тағылымдама кезеңі жұмыс өтіліне есептеледі.
34 колледжде креативті индустрия мамандықтары бойынша “Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің Өңірлік атласы” жобасы іске асырылуда. Өңір кәсіпорындарымен ынтымақтастықтың арқасында түлектердің 96% – ы жұмысқа орналасқан.
0 Comments