«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінің педагогтері мен басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары мен курстардың жекелеген модульдерін өткізу үшін мамандарды іріктеу басталғаны туралы хабарлайды.
Біз колледж педагогтерімен өз тәжірибесі мен білімін бөлісуге дайын, практикалық тәжірибесі бар мамандарды ынтымақтастыққа шақырамыз!
Талаптар:
– курстардың білім беру бағдарламаларының бейініне/мамандығына немесе жекелеген модульдеріне/тақырыптарына сәйкес салада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі болуы;
– білім туралы құжатқа(-тарға) (ТжКБ/ЖОО) ие болуы.
Курстардың бағыттары:
- Тігін өндірісі және киім модельдеу
- Тамақтануды ұйымдастыру
- Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
- Дәнекерлеу өндірісі
- Автокөлік
- Электр энергетикасы
- Теміржол көлігі
- Машина жасау
- Мұнай және газ
- Ветеринария
- Ауыл шаруашылығын механикаландыру
- Ақпараттық технологиялар (педагогтер мен ІТ бойынша орынбасарлар үшін)
- Жасанды интеллект
- Оқыту әдістемесі мен әдіснамасы, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша
- Колледж басшылары мен олардың орынбасарларының құзыреттерін дамыту
Қатысу үшін 2026 жылғы 17 сәуірге дейін urp@talap.edu.kz электрондық поштасына БІР АРХИВТІК ФАЙЛ түрінде келесі құжаттарды жолдау қажет:
- 1-қосымшаға сәйкес түйіндеме
- курстардың білім беру бағдарламаларының бейініне/мамандығына немесе жекелеген модульдеріне/тақырыптарына сәйкес салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілін растайтын құжат(-тар)
- білім туралы құжат(-тар) (ТжКБ/ЖОО) ұсынады
- біліктілікті арттыру/тағылымдамалар және т.б. растайтын қосымша құжаттар (бар болса)
Егер сізде тәжірибе және біліммен бөлісуге ниет болса, біз сізді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз!
Сұрақтар бойынша Сүлеймен Назым Берікқызына n.suleymen@talap.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Біз сізді өз командамыздың қатарында көргенімізге қуаныштымыз!


0 Comments