"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін трансформациялау аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келіссөз барысында талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – корпоративтік басқару механизмдерін енгізу және колледж түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін кеңейту болды.

Бұл ынтымақтастық колледждер мен жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға, кадрларды даярлаудың икемді және тұрақты жүйесін дамытуға, сондай-ақ студенттердің болашақ академиялық және кәсіби өсу траекторияларын қалыптастыруға бағытталған.

🔹 Ағымдағы жағдай:

  • ТжКБ жүйесінде 557 мың студент 230 мамандық және 766 біліктілік бойынша білім алуда;
  • Жыл сайын 190 мың адам қабылданып, 146 мың түлек бітіреді;
  • Қазақстанда 772 колледж жұмыс істейді, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі – 74%;
  • 44 мың педагог қызмет етеді, оның ішінде өндірістік оқыту шеберлері – 12%;
  • 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы енгізілген (кәсіби стандарттар, WorldSkills, Жаңа мамандықтар атласы негізінде).

 

🔹 Меморандум ТжКБ жүйесін 2025–2027 жылдар аралығында дамытудың Жол картасы аясындағы келесі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді:

  • корпоративтік басқару жүйесін енгізу;
  • қаржыландыру көздерін әртараптандыру;
  • жаңа буын басшыларын даярлау;
  • колледждердің интернационалдануы;
  • цифрландыру және инновациялық менеджмент;
  • колледждердің жастар мен бизнес үшін тартымды орталыққа айналуы.

Ынтымақтастық аясында академиялық мобильділіктің жаңа түрлерін енгізу, кәсіби өсу траекторияларын дамыту және білім сапасының стандарттарын жетілдіру жоспарланып отыр.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *