"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2026 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Talap» КеАҚ алаңында «Конституция – мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Негізгі баяндамамен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының директоры Зулфухар Сұлтанұлы сөз сөйлеп, конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесудің модераторы — Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов болды. Сондай-ақ іс-шараға «Talap» КеАҚ президенті Санжар Тәтібеков, президент кеңесшісі Әсима Тимкенқызы, вице-президент Әлібек Ахметов, Бақытжан Үмітбекқызы, сондай-ақ барлық өңірлердің білім басқармаларының өкілдері, директорлар кеңесінің төрағалары мен педагогтер қауымы қатысты.

Жалпы қатысушылар саны 150–160 адамды құрады.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *