"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасын WorldSkills Competition Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына дайындау аясында КеАҚ «Talap» халықаралық сарапшы лауазымына төмендегі құзыреттіліктер бойынша қосымша іріктеу жариялайды:


🔧 Құзыреттіліктер

  • Welding — Дәнекерлеу технологиялары

  • Plumbing and Heating — Сантехника және жылыту

  • Wall and Floor Tiling — Қабырға және еден плиткасын қалау


📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі

2026 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда)


💼 Қатысу шарттары

Халықаралық сарапшының қызметі белгіленген тәртіпке сәйкес ақылы болып табылады.

Халықаралық сарапшы:

  • қатысушыны халықаралық чемпионатқа дайындайды;

  • инфрақұрылымдық тізімдер мен бағалау критерийлерін қалыптастырады;

  • оқу-жаттығу жиындарын өткізеді;

  • чемпионатқа ресми делегация құрамында қатысады.


📑 Қосымша іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар

1️⃣ Негізгі құжаттар

  • толтырылған өтінім нысаны;

  • білімін, жұмыс тәжірибесін және кәсіби жетістіктерін көрсете отырып жасалған түйіндеме (CV);

  • жеке куәліктің көшірмесі.

2️⃣ Біліктілікті растау

  • дипломдар мен бейінді сертификаттардың көшірмелері;

  • кемінде 3 жыл еңбек өтілін растайтын құжаттар;

  • портфолио (бар болса).

3️⃣ Ағылшын тілін меңгеру деңгейі

  • B2 деңгейінен төмен емес (CEFR) сертификат
    немесе ағылшын тілін меңгергенін растайтын өзге де құжат.

4️⃣ Конкурстық материалдар

  • WorldSkills International стандарттарына сәйкес 1 модульден тұратын конкурстық тапсырма;

  • инфрақұрылымдық тізім;

  • бағалау критерийлері (CIS жүйесі үшін);

  • тапсырманың презентациясы (3 слайдқа дейін).


📤 Құжаттарды тапсыру

Құжаттар электрондық форматта қабылданады және төмендегі электрондық поштаға жолданады:

📧 a.abdigulov@talap.edu.kz

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *