"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

2025 жылғы 22 мамырда Астана қаласының Техникалық колледжінде «Халықаралық ынтымақтастық және студенттердің академиялық ұтқырлығы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараға Астана қаласы колледждерінің директорлары мен Беларусь Республикасының Минск қаласынан келген делегациясы қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – қонақтарды Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен таныстыру болды. Атап айтқанда, Техникалық колледж базасында жүзеге асырылып жатқан Құзыреттілік орталықтары үлгісіндегі кадрлар даярлау моделі ұсынылды.
Көтерілген маңызды тақырыптар:
•дуальды білім берудің рөлі;
•Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы кәсіптердің мәртебесін арттыру;
•WorldSkills стандарттарын білім беру процесіне енгізу.
Кездесу аясында екі маңызды құжатқа қол қойылды:
1.Минск мемлекеттік құрылыс техникасы және технологиялар колледжі мен Астана қаласының Техникалық колледжі арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум;
2.Астана қаласы колледж директорлары кеңесі мен Минск қаласы колледж басшылары кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Шара соңында лифт шаруашылығы бойынша Құзыреттілік орталығына экскурсия ұйымдастырылып, делегацияға мамандарды дайындау барысындағы заманауи инфрақұрылым көрсетілді.
Мұндай кездесулер тек тәжірибе алмасуға емес, сонымен қатар, болашақ экономикасына қажет бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жолында халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *