"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ), Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде, мекенжайы: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., тел. 8 (7172) 575141 (вн.10), «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары аясында семинарлық (теориялық және практикалық) сабақтар өткізу үшін аудиторияларды жалға алу» қызметтерін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлайды.

 «WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу үшін сатып алынатын қажетті тауарлар мен қызметтердің атауы осы хабарландыруға қоса берілген сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктерінде келесі орналасқан жерлері бойынша көрсетілген.

«WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген сома қызмет және тауарлардың түрлері бойынша осы хабарландыруға қоса берілген № 1 қосымшаға сәйкес құрайды:

1«WorldSkills Kazakhstan 2025 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу үшін компьютерлік техниканы жалға алу қызметтері;Астана қаласы4480000,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
2«Визуалды мерчендайзинг» құзіреттілігі үшін компьютерлік техниканы және баспа жабдықтарын жалға алу бойынша қызметтері;Астана қаласы678000,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
3«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша шығыс тауарларын сатып алу;Астана қаласы17947,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
4«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша кеңсе жабдықтарын жалға алу қызметтері;Астана қаласы920000,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
5«WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу үшін кеңсе тауарларын сатып алу;Астана қаласы1501902,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
6«Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша кеңсе жабдықтарын жалға алу қызметтері;Астана қаласы28000,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
7«Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша шығыс тауарларын сатып алу;Астана қаласы3909530,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
8«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша шығыс тауарларын сатып алу;Астана қаласы1783125,90 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
9«WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу кезінде тиеу-түсіру қызметтері;Астана қаласы2560000,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу
10«WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу кезінде көлікпен қамтамасыз ету қызметтері.Астана қаласы2525000,00 тенге (ҚҚС есебінсіз)Жүктеу

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары жабық конверттерде 2025 жылғы «19» қарашадан бастап «21» қараша сағат 13:00-ге дейін, «Talap» КеАҚ сатып алуды ұйымдастырушыға мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., 220 кабинет.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу жөніндегі комиссия отырысы мына мекенжай бойынша өткізіледі: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., тел. 8 (7172) 575141 (вн.10), 220 кабинет, 2025 жылғы «21» қараша сағат 15:00-де.

Сатып алуға қатысу үшін Әлеуетті өнім беруші құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы тиіс;

Сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс тек бір баға ұсынысын береді:

  1. хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген (бар болса) баға ұсынысы.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындар қосылады.

  1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (e.gov.kz) алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтаманың көшірмесі; жеке тұлға үшін – тиісті мемлекеттік органның заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (www.e.gov.kz) алынған құжаттың көшірмесі;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың немесе электрондық құжат түріндегі лицензияның және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, басқа да құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері (егер хабарландыру шарттарымен міндетті лицензиялауға жататын қызмет көзделсе);
  3. техникалық ерекшелік (егер хабарландыру шарттарында техникалық ерекшелік көзделген жағдайда);
  4. тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес ресімделген өзге де құжаттар (егер хабарландыру шарттарында техникалық ерекшелік көзделген жағдайда).

Қызметтер сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде белгіленген мерзімдерде көрсетілуі тиіс.

Баға ұсынысында қамтылған қызмет көрсету шарттары осы хабарландыруда және хабарландыруға қоса берілген сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде көрсетілген талаптарға қайшы келмеуі тиіс.

Баға ұсынысы бар жабық конверттің бет жағында әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетуі тиіс:

  1. Әлеуетті өнім берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. Электрондық хабарландыруда көрсетілген осындай мәліметтерге сәйкес келуге тиіс Тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы;
  3. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтердің атауы «WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу үшін қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу (лоттың атауы), «2025 жылғы «21» қараша сағат 15:00-ге дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ»).

Баға ұсынысына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен (бар болса) расталуы, конвертке салынып, электрондық хабарландыруда көрсетілген мерзімде Тапсырыс берушіге әлеуетті өнім беруші ұсынуы тиіс.

Баға ұсыныстары қызмет көрсетуге байланысты барлық шығындарды ескере отырып берілуі тиіс.

Осы Қағидалардың көрсетілген тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсыныстары бар конверттер тіркелуге жатпайды.

Баға ұсынысы бар конверт оны ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін ұсынылған жағдайда қабылданбайды.

Шартқа қол қою үшін талап етілетін мерзім сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде.

«Talap» КеАҚ сатып алу тапсырыс берушісі, мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., 220 кабинет, тел. 8 (7172) 575141 (вн.10),.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *