"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

ТжКБ жүйесін интернационалдандыру аясында НАО «Talap» Қазақстан колледждерінің басшылары мен педагогтеріне арналған кешенді іскерлік сапарды ұйымдастыру үшін тәжірибелі компанияларды ынтымақтастыққа шақырады. Бағдарламаға EuroSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатын (Дания Корольдігі, Хернинг қ., 2025 ж. 9–13 қыркүйек) көру және Данияның кәсіби білім беру ұйымдарында салалық кездесулер/визиттер өткізу кіреді.

Көрсетілетін қызметтер (толық формат/«turn-key»):

  1. Сапардың тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу және келісу (колледждерге/құзыреттілік орталықтарына бару, WorldSkills Europe ұйымдастырушыларымен кездесулер және MCH (Messecenter Herning, Хернинг қаласындағы ең ірі көрме-конгресс орталығы) іскерлік бағдарлама бөлігінде ресми ашылу және жабылу кезінде).
  2. Логистика: әуе билеттері, қонақүй, трансферлер, аккредитация.
  3. Визалық қолдау/шақыру хаттары, сақтандыру, протоколдық сүйемелдеу.
  4. Аударма қызметтері (EN–RU/KZ) және алаңдағы on-site үйлестіру 24/7.
  5. Қорытынды материалдар: есеп, фото/видео, серіктестер байланыс тізімі, жол картасының жобасы.

Ескерту: Сапар республикалық бюджет қаражатын тартпай, жолдаушы ұйымдардың және өзге де бюджеттік емес көздердің есебінен жүзеге асырылады.

Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 18 тамызға дейін.
E-mail: a.tulesov@talap.edu.kz
Байланыс тұлғасы: Түлесов Асхат — +7 775 258 28 64

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *